"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Біздің әлеуметтік желілер

 

кадрлар бөлімі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балаларды білім беру обьектілеріне тасымалдау кезіндегі қауіпсіздігі"

                                                    

 

 

 

«Балаларды білім беру объектілеріне тасымалдау кезіндегі қауіпсіздігі»

 

 Мектеп автобусымен балалар мектепке қаншалықты қауіпсіз жетеді? Барлық шаралар мен талаптар, соның ішінде көлік құралының техникалық жағдайына, ақырында, денсаулық жағдайына және жүргізушінің кәсіби дағдыларына байланысты ма?

 Осы өзекті және маңызды сұрақтарға жауап табу мақсатында Целиноград ауданының прокуратурасымен балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізілді, себебі балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мемлекеттік маңызы бар міндет болып табылады.

 Прокурорлық қадағалау мектеп автокөліктерін пайдалану кезінде қолданыстағы заңнама нормаларының бірқатар бұзушылықтарын анықтады.  Мысалы, тиісті жүргізу санаты жоқ тұлғалардың мектеп автобусын басқаруға рұқсат беру фактісі анықталды.

Бұдан басқа, жүргізушілердің рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өтпеу және қолдану мерзімдері аяқталған өрт сөндіргіштерін, көмек дәрі қобдишаларын пайдалануы сияқты бұзушылықтарға жол берілген.  Жедел прокурорлық ден қою теріс салдарларды болдырмауға мүмкіндік берді, ал балалардың қауіпсіздігі енді қадағалау органының жіті назарында.  Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған бұзушылықтар жойылды,  мектептердің 10 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке, сондай-ақ мектеп автобустарының 5 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

 

   Целиноград ауданының прокуратурасы 

Жаңартылған күні: 30.06.2022 11:15
Құрылған күні: 30.06.2022 11:40

Текст