Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №6-15-2/3135-И хаты негізінде 20222 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" Республикалық акция өтетінін хабарлайды. Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған министірліктің бастамасы "Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" ұранымен өткізіледі. Аталмыш шараның мақсаты: балалардың жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын-алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Балалар-біздің болашағымыз. Сондықтан, "Мектепке жол" акциясына үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау көрсетуге шақырамыз. "Мектепке жол" республикалық акциясы бойынша сұрақтарыңыз болса Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің төменде көрсетілген телефон нөміріне хабарлассаңыздар болады. Тел: 87165139296