"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Біздің әлеуметтік желілер

 

кадрлар бөлімі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бұйрық №363

№363                                                                                       2022 ж. 12 тамыз

 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында

2022-2023 оқу жылының басталуын,

ұзақтығын және каникул кезеңдерін

айқындау туралы

 

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің   2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29030 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2022 - 2023 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:

1) 2022 - 2023 оқу жылының басталуы - 2022 жылғы 1 қыркүйек;

2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 35 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 36 оқу аптасы;

3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2022 жылғы 31 қазан – 6 қараша аралығында), қысқы каникул – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтар аралығында), көктемгі каникул – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурыз аралығында);

1-сыныптарда қосымша каникул – 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында).

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

             Оқу-ағарту министрі                                              А. Аймағамбетов

 

 

                                                                                                                                      

 

 

 

Жаңартылған күні: 03.04.2023 09:35
Құрылған күні: 03.04.2023 09:35

Текст