Текст
Сан түлекке қанат қақтырған алтын ұя мектебімізге биыл 50 жыл толып отыр. Осы мерекеге байланысты 2024 жылдың 15 қараша күні “Сан қыранды самғатқан алтын ұя” атты мерекелік кеш өткізілді.
Балдәурен шақтың куәсі болып, үлкен өмірге самғатқан мектебіміздің мерейтойына 1974 жылы мектеп табалдырығын аттаған және 1975 жылы мектебімізді бітірген түлектер шақырылды. Сонымен қатар осы жиынға аудан білім бөлімінің басшысы Искаков С.А, Шалқар ауылының әкімі Жусупов И.Б, осы 50 жыл ішінде мектепті басқарған басшы- ұстаздар мен ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен ардагер ұстаздар қонақ болып келді. Мерейтойға келген қонақтарға өнерлі оқушылар мен ұстаздар әдемі мерекелік кеш сыйлады.