Мектебімізде “Білімнің іргетасы-бастауыш мектеп” атты тақырыпта бастауыш сынып бірлестігінің апталығы ақпанның алтысы күні ашылды. Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлықарын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі алдымен оқушылар мен ұстаздарды апталықтың ашылуымен құттықтап, апта бойына сәттілік тіледі, апталық жоспарымен таныстырды. Әрі қарай негізгі пәндер ортаға шығып, сөз сөйледі, балалар жұмбақтар және ребустар шешті, мақалдарды жалғастырып айтты. Апталықтың ашылуын мектепалды даярлық тобы “Бауырсақ” ертегісімен басталды.
1-сынып оқушылары әріптер жайлы тақпақтар айтты. 2-сынып оқушылары “Фигуралар”әнін айтты. 3-сынып оқушылары “Пәндер айтысын” жасады. 4-сынып оқушылары “Сандар”әнін айтты. 4-сынып қыздары қазақша би биледі. Оқушыларға қызықты ойындар ойнатылды. Апталықтың ашылу салтанаты өте көңілді және қызықты өтті.