Целиноград ауданы 🇰🇿
Шалқар ауылының ЖОББМ мекемесінде Балалар кітапханасы жобасы аясында мұғалімдер арасында «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі өткізілді. Бұл челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту және кітапхана қорын толықтыру болды.
Челленджге мұғалімдер қатысты. Әр мұғалім балаларға арналған көркем және танымдық кітаптарды сыйға тарту арқылы өз үлесін қосты. Іс-шара барысында ұстаздар кітап оқу мәдениетінің маңыздылығын атап өтіп, оқушыларды кітап оқуға ынталандыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Челлендж нәтижесінде кітапхана қоры жаңа кітаппен толықты.
Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.
Мектеп кітапханашысы: Кожабекова Ж.О
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ
АДАЛ АЗАМАТ