"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Біздің әлеуметтік желілер

 

кадрлар бөлімі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Smart bala»

24.04.2025

2024-2025 оқу жылы

 

Дайындаған: Камзебаев Е. К

Өтетін күні: 17.01.2025

Қатысушы сынып: 8

Іс-шараны өткізудің мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайтуға, дұрыс ойын жеткізе білуге, өз ойын еркін айта алуға, өз позициясын ұстануға, алғырлыққа, жылдамойлылыққа, ұйымшылдыққа, логикалық ойлауын дағдыландыру. Компьютерлік дағдыларын тексеру.

Іс-шараны өткізу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

оқушылардың іс-шараға дайындығын тексеру;

Іс шараның мақсатымен, барысымен және шартымен таныстыру.

 

Қайырлы күн құрметті ұстаздар және оқушылар! «Smart bala» жобасы аясында интелектуалды ойынына қош келдіңіздер! Ең алдымен сайыстың шартымен танысайық. Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Әр сайыс кезеңдері ұпаймен есептелініп, уақыт беріледі. 2 топ қатысады. Әр топ 5 оқушыдан тұрады.

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де –

Ақпараттық заманың! – дей келе «Қызықты информатика» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Жарыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

І тур. Бәрін білгім келеді

информатика пәні бөлімдері бойынша сұрақтар беріледі, жауаптары ұпайлармен бағаланады

ІІ тур. “Тіл - өнер

Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 3 ұпай, ал екі тілде айтса 2 ұпай, бір тілде айтса 1 ұпай

ІII тур. Қызықты есептер.
Сұрақтар екі топқа кезекпе кезек қойылады, дұрыс жауапқа 1 ұпай.

IV. Тур. Капитандар сайысы.

Берілген әріптерден информатикаға қатысты терминдерді теріп жаз.

 

І тур.  Бәрін білгім келеді

 

«Ақпараттандыру"

10 ұпай: Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы Заңы қай жыл қабылданған?

а) 2006 б) 2007 в) 2008

20 ұпай: Өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге өтініш жасайтын және оларды пайдаланатын субъект

а) пайдаланушы б) информатик в) программист

30 ұпай: пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет

А) ақпарттық- коммуникациялық технология жөндеу

Б) ақпараттық қызмет көрсету в) ақпараттық- комуникациялық желі

40 ұпай: ақпараттық жүйелер немесе оларды құрастырушылар арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;

а) АКТ б) ақпараттық- коммуникациялық орын

в) ақпараттық- коммуникациялық желі

50 ұпай: ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген әдістердің, өндірістік процестер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;

а) интернет б) дербес компьютер в) ақпараттық технология

60 ұпай: ақпараттық технологияларды пайдаланудың
негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді
қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық,
әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;

А) ақпарттандыру б) интернет в) ақпараттық технология

Дербес компьютер

10 ұпай: Көмекші құрал

а) компьютер б) радио в) қалам

20 ұпай: Қатты диск дегенімізі...

А)мәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт есте сақтайтын құрылғы

Б) мәліметтерды уақытша есте сақтайтын құрылғы

В) белгілі бір тәртіппен реттелген секторлар жиыны

30 ұпай: Операциялық жүйе

а) операцияларды орындауға арналған процессор регистрлары

б) пайдаланушы мен компьютер байланыстыратын арнайы тобы;

в) түрлі желілер арасында ақпарат алмасу үшін қолданылатын арнайы жүйе;

40 ұпай: Alt пернесінің қызметі

а) басқа пернемен бірге басылып компьютер жұымысын басқарады

б) компьютерді алғашқы қалыпқа оралтады

в) әріп пернелерімен бірге басылса , бас әріп теріледі

50 ұпай: Принтердің түрлері

А) қарапайым, лазерлік, сиябүрккіш

Б) лазерлік, сиябүрккіш

В) лазерлік, сиябүрккіш, матрициялық

60 ұпай: Пиксел -бұл...

а)нүктені құрайтын дәптер. Нүктелер монитор экранына бейнені шығарады

б) түсті нүктелерден тұратын нүкте,нүктелер монитор экранына бейнені шығарады;

в) нүктені құрайтын триада. Нүктелер монитор экранына бейнені шығарады

Интерактивті тақта

10 ұпай: ActivBoard?

а) «қалам» б) «көрсеткіш» в) «тақта»

20 ұпай:Бірнеше беттерден тұратын жұмыс жасауға арналған құжат

а) документ б) флипчарт в) слайд

30 ұпай: Тестілеу бағдарламасы

а) ActivPen б) ActivSlate. в) ActivVote

40 ұпай: Мәтінді баспа түрінде жазу батырмасы

а)   Б)   В) 

50 ұпай: Пердеше батырмасы

а)   б)   в) 

60 ұпай: Жаңа флипчарты ашу, сақтау, баспаға беру т.с.с қызметтер қай батырмада қарастырылған

а) басты меню б) манызды меню в) керек меню

Microsoft Office

10 ұпай: Мәтін жазу редакторы

а) Excel б) PowerPoint в) Word

20 ұпай: Жұмыс кітабы дегеніміз не?

А) Excel электрондық кестесінде құрылған файл

Б) Word мәтіндік редакторында құрылған файл

В) Access мәліметтер базасында құрылған файл

30 ұпай: Жаңа слайдтты қандай команданың көмегімен құруға болады?

А) Вставка-Создать слайд Б) Формат- Создать слайд В) Главная-Создать слайд

40 ұпай: WordArt дегеніміз.....

а) мәтінді курсив түрінде жазу б) мәтінді әсемді түрде жазу в) мәтінді асты

сызылған түрінде жазу

50 ұпай: Excel редакторында ұяшық дегенымыз не?

а) кестедегі диаграмма туратын орын б) бағанамен қатардын қиылған орны

в) кестедегі функцияның жазылатын орны

60 ұпай: Microsoft Access- тің негізгі объектілері

А) кесте, сұраныс, есеп, форма Б) кесте, сұраныс, есеп, ұяшық

В) кесте, ұяшық, есеп, файл

«Интернет"

10 ұпай: Дүнежүзілік өрмек

а) ақпараттандыру б) Интернет в) Интранет

20 ұпай: Интернеттегі Web-парақтарды көру үшін мына прогрпммалар қолданылады

а) Internet Explorer, NetScape Navigator б) Internet Explorer, Visual Basic

в) Internet Explorer, Macramedia Flash

30 ұпай: Интернетке кіретін әрбір компьютердің төрт блоктан тұратын өз адресі

а) DNS- адресі б) ІР-адресі в) SRL- адресі

40 ұпай: Сервер (Server)

а) Еренсілтемелерді пайдалана отырып Интернетті қарап шығу жүйесі

б) протокол аты

в) Желіні пайдаланушыларға ортақ қор көздерін қамтамасыз ететін компьютер

50 ұпай: Интернет провайдері (Internet Service Provider, ISP)

а) Интернетке қатынауға мүмкіндік беретін ұйым

б) көру терезесінің тақырыбы идентификаторы

в) табиғаттағы дыбыстық сигналдар

60 ұпай: в) табиғаттағы дыбыстық сигналдар

а) коммуникациялық желі б) жергілікті желі в) жеке желі

 

ІІІ. “Тіл - өнер” атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.

  1. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)

  1. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)

  1. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)

  1. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)

  1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)
  2. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышь, mouse)

  1. Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)

ІV тур. Қызықты есептер.
Сұрақтар екі топқа кезекпе кезек қойылады.

  1. Оңынан оқы сол сан, солынан оқы сол сан. (Қырық)
  2. 5 түп қайыңнан 22 кг алма жиналған болса, 3 түп қайыңнан 15 кг алма жиналды. Қалған түптерден қанша жинауға болады? (қайыңнан алма жиналмайды)
  3. 3 жүргізушінің 1 інісі бар, алайда оның ағасы жоқ. Сонда қалай?  (апайлары)
  4. 4 бұрышты үстелдің бір бұрышын кекенде неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
  5. 100 –ге дейін 9 неше реткездеседі? (11 рет)
  6. Ешқандай амал қолданбай- ақ 666 санын 1,5 есе арттыр? (999)
  7. Ағып жатқан өзеннен 3 л және 5 л ыдыспен 4 литр су алу керек. Сонда қалай? (5 л жартысы және 3 л жартысы)
  8. Егер 2 кірпіштің  салмағы 8 кг болса, 1,5 кірпіштің  салмағы қанша?  (6 кг)
  9. Камаз ұшып келе жатып талға соғады.  К-сі ұшып кетті. Не қалды? (амаз)
  10. Ит мысықты, мысық тышқанды қуалап келеді. Қайсысы бірінші келеді? (тышқан)
  11. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Төрт мысықтын алдында 3 мысықтан отыр. Бөлмедегі мысық саны қанша? (4)
  12. Автобустан түсу үшін алдымен не істеу керек? (міну керек)
  13. Қандай шелекке  су құюға болмайды? (су толы шелекке)
  14. Бір үйде әкесі баласымен, атасы немересімен отыр. Үйде неше жан бар? (3)
  15. Әжемнің сандығында бәрі бар, тек не жоқ? (бос орын жоқ)
  16. Алматыдан Астанаға  дейін  1 сағ. 30 мин  ұшты. Ал Астанадан Алматыға дейін 90 мин ұшты. Неге? (сағатты минға айналдырсақ сонша мин болады.)
  17. Күн мен түн неге бітеді? (н)
  18. Ең үлкен уақыттың өлшем бірлігі. (Ғасыр)
  19. Екі сауысқан біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отырады. Және бір біріне достым мен сені көріп отырмын дейді. Сонда қалай? (екеуі қарама қарсы отырады)
  20. Қазанға бірінші не түседі? (көз)

V. Тур. Капитандар сайысы.

Берілген әріптерден информатикаға қатысты терминдерді теріп жаз. К және И.

 

Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына сөз береміз! Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі кешімізді осымен тамамдаймыз. Ынта қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

 

Просмотров: 31


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст