Ақмола облысы🇰🇿
Целиноград ауданы🇰🇿
“Шалқар ауылының ЖОББМ” КММ
Topiq.kz платформа бойынша 130 лицензия оқушыларға және ұстаздарға таратылды барлығы тіркелуі және белсенді қолдануы 💯 пайыз.
Topik.kz — оқушылардың оқу сауаттылығын, логикалық ойлау қабілетін, және функционалдық білімін дамытуға бағытталған онлайн платформа. Бұл платформада түрлі пәндер бойынша интерактивті тапсырмалар, тесттер мен олимпиадалар ұйымдастырылған.
Мектепте Topik.kz платформасымен жұмыс жүргізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзін-өзі бағалау, уақытты тиімді пайдалану және білімін тексеру дағдыларын дамытады. Мұғалімдер бұл платформаны қосымша оқу құралы ретінде пайдаланып, сараланған тапсырмалар арқылы оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, оқу процесін тиімді ұйымдастыра алады.
Topik.kz-пен жұмыс істеу барысында:
Оқушылар онлайн тапсырмаларды орындайды;
Мұғалімдер оқушылардың нәтижесін бақылап, кері байланыс береді;
Түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысу арқылы білімін жетілдіреді.
Бұл платформа цифрлық білім беруді қолдай отырып, заманауи білім беру талаптарына сай келеді.
#ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
#ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ
#АДАЛ АЗАМАТ