"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Біздің әлеуметтік желілер

 

кадрлар бөлімі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шалқар орта мектеп кітапханасының 2018- 2019 оқу жылының І жартыжылдықта атқарылған жұмысы

16.04.2019

                                                                                    Шалқар орта мектеп кітапханасының

                                                              2018- 2019 оқу жылының  І жартыжылдықта атқарылған жұмысы

   Мектеп кітапханасы оқу процесін әдебиетпен және ақпаратпен  қамтамасыз ететін білім беру ұйымындарының маңызды құрылымдық бөлімшесі,сондай –ақ білімді, рухани және интеллектуалды қатынасты, мәдениеттті тарту орталығы болып табылады.

2018-2019 оқу жылында даярлық тобына - 50%, 1-сыныпқа, 2-сыныпқа  қосымша оқулықтармен  қамтылды. Биылғы оқу жылында 3-сынып  100% ,  6-сынып 100%,  8-сынып 100%,  жаңа буын оқулықтарын берді. Кітапханада әр сынып бойынша оқырмандардың есебі жүргізіледі. Осы  бойынша 2018 – 2019 оқу жылына  І жартыжылдық рейтингісі жасалды. Балалардың  кішкентай кезінен кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген ынтасын арттыру біздің міндетіміз. 1-4  сынып оқушылары барлығы кітапхана оқырмандары болып саналады .Бұл оқырмандарымыз балаларға арналған әдеби кітаптарды көп оқиды, соның ішінде  ертегілерді қызығып оқиды, оқыған кітаптары туралы ой бөліседі. 5-8 сынып оқырмандары тарихи, хайуандар,спорт туралы кітаптарға сұраныс көп алады, әдеби кітаптарды оқиды, энциклопедиялар, сөздіктер пайдаланады. 9-11 сынып  оқырмандары көбінесе сөздіктер, энциклопедиялар, электрондық оқулықтар пайдаланып оқиды, әдеби кітаптарды мектеп бағдарламасы  бойынша оқиды.

   Кітапханада көптеген кітап көрмелері, дөңгелек үстел, рухани әңгімелер  өткізілді. Кітапхананың әрбір кітабын оқырманға насихаттауда кітап көрмесінің маңызы зор. Қыркүйек айынан бастап тіл апталығына байланысты: «Қазақ тілі-рухани асыл мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Сүйемін туған тілді, анам тілін» дөңгелек үстел өткізілді.  «Ата заңым –айбыным», «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік» кітап көрмелері ұйымдастырылуда.  Жас оқырмандарға  Тәуелсіз қазақ  мемлекетінің   алған асулары, бағындырған шындары туралы мәлімет беретін «Желтоқсан ызғары » кітап көрмесі  шығарылып, папка жинақталды. Бұл папкада желтоқсан туралы жаңа газет материалдарымен, интернет жүйесінен алынған материалдармен толықтырылып отырды. Сыныптар арасындағы  желтоқсан оқиғасынына арналған ашық тәрбие  сағаттарына  библиографиялық көмек берілді. «1-желтоқсан тұңғыш Президент күні» көрме жасалып, 9-11 сыныптар арасында  «Елім  деп соқан жүрегі» тәрбие сағаттары өткізілді. 2-3сынып оқушыларымен «Кітапхана – білім мен ғылым ордасы » тақырыбында әңгіме өткізілді жәнеде 1 желтоқсан – Спидпен курес куніне көрме ұйымдастырылып, балаларға осы тақырыпқа біраз мәлімет оқылды. Бір ел- бір кітап акциясы биыл Ә Кекільбаев пен Ә. Тәжібаевтың кітаптары ұсынылды. Және Ә.Тәжібаевтын 110 жылдығына көрме шығарылды. «Ұлы даланын жеті қыры» көрмесімен танысты балалар және осы тақырыпта дөңгелек үстел өткізді тарих пәні мұғалімі – Ташмаганбетова А.К 

Алдымыздағы оқу жылында  жұмысымыздың  бір саласы – әр кезде жарық көрген  жақсы шығармаларды көпшілік арасында кеңінен насихаттау, олардың кейбір ерекшеліктеріне баса назар аударып жаңарту жолдарында жұмыс  жүргізу,  оқырмандармен жұмыс жүргізу, оқырмандардың  кітапханаға деген көзқарастарын қалыптастыру. Білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана. Кітап оқу жан дүниемізді байытады, жаңа технология заманында да кітап адамның ой – өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала бермек. Қазіргі заманға  сай  оқырмандардың ойын ұшқырлайтын іс –шаралар ұйымдастыру. Оқудан  қол үзбейтін оқырмандарды  көбейтіп, оқу –тәрбие  жұмысына ықпал етуге  еңбек ету.  Оқу жылының басында  оқулықтар таратылып, оның жыртылып бүлінбеуін қадағалап тұру.Кітапханалық  библиографиялық ілімнің негіздерімен балаларға арнайы  кітапхана  сабақтарын жүргізу.

                                                                                                                                                                                            мектеп кітапханашысы:  Кожабекова Ж.О

Просмотров: 506


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст