Целиноград
ауданы
Шалқар орта
мектебінде
Елбасының 2018 жылғы рухани жаңғыру жолындағы жарқын
жолдауымен танысу жөнінде
АҚПАРАТ
Шалқар орта мектебінің ұстаздары 9-қаңтардағы кешкі уақытта Елбасының дәстүрлі жолдауын тыңдады. Елбасымыз жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауына қатысты мәлімдемесінде, Қазақстанның әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын айтты. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылып, Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында реформалар жүргізіліп жатқанын айтты. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде екенін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданғанын жариялады.
Сондай- ақ білім саласындағы мұғалім мамандығының беделін көтеру және мұғалімнің лауазымдық жалақысын біліктілігіне байланысты 30-50% дейін өсетінін тілге тиек етті. Білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына, экономика қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану арқылы медициналық қызметінің сапасын көтеруі қажеттігін айтса, қоғамымыздағы әлеуметтік төлемдердің мөлшерінің ұлғаятынын және зейнетақы мөлшері орта
есеппен 1,8 есе ұлғаятынын айта кетті.
Елбасының рухани жаңғыру жолындағы жарқын жолдауы баршаға қуаныш сыйлары сөзсіз.
Мектеп
директоры: Е.Қ.Камзебаев