Аудандық «Есіл - Нұра» үнжариясында жарияланға
«Баршаға қымбат – Астана».
Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Есілдің жаға-сында орналасып, Есілдің кеңдігіндей кеңдігі бар, Есілдің мөлдір суындай таза, адал тұрғындары бар әсем қала 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ас-самблеясының мүшесі. Астана ағы мол, ақ пейілді халқы бар Ақмолаға негіз-делген, сары алтындай сары бидайымен
бай болған Целиноградқа негіздел-ген бас қала 1998 жылы 10-маусымда халықаралық тұсаукесері өтті. Астана барша Европа елдеріне танымал, оның бірде бір елде қайталанбайтын тақта шалқайып отырған Хан шатыры бар, елдің биіктігін паш Бәйтерегі бар, қазақ елінің имандылығын, таза пейілін көрсетіп тұрған «Хазірет Сұлтан» мешіті бар. Жүзден астам ұлт өкілдері бар Астана – бейбітшілік ұясы.
Қазақстанның егемен, тәуелсiз мемлекет ретiнде орныққаны айқын болып отыр. Бiз әлемдiк қауымдастыққа абыройлы кiрiгiп, өз айналамызда қолайлы халықаралық ахуал қалыптастыра алдық, әлемнiң жетекшi елдерiмен саяси, экономикалық және мәдени салаларда ынтымақтастықты жолға қоя бiлдiк.
Жас ұрпаққа Астана туралы білім беру, тәуелсіз елдің патриоттарын тәр-биелеу мақсатымен Шалқар орта мектебінде сынып сағаттар, сыныптан тыс іс-шаралар өтуде. Астана қаласының 20 жылдық қарсанында «Астана – арман қала» даярлық топ пен 1-4 сыныптар арасында ертеңгілік өткізілді. Астана жайлы көрме ұйымдастырылып, Шалқар орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары Астана туралы жырлап, әңгімеледі, мақтан етті. Үш тілде Астана туралы өлең оқылды. Әндер шырқалып, би биленді.
Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан жаңа қаламыз ешқа-шан жойылмасын. Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін. Асқақтай бер Ару қала – Астана, Туған күнің құтты болсын – Астана!!!