«Тұңғыш Президент» күні
Мектебіміз бойынша 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті
күні мерекесіне қатысты бірқатар іс – шаралар жоспар бойынша өткізілді.
Іс – шараның мақсаты:
- Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
- Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
- Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Қарашаның 27-сі күні 1-11сыныптарда «Менің елім. Менің Президентім» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.
1-5 сыныптар арасында «Астана – тәуелсіз еліміздің бойтұмары» атты тақырыпта суреттер көрмесі ұйымдастырылды, ал 6-11 сыныптар қабырға газеттерін шығарды «Менің Қазақстаным», «Тәуелсіздік – елімнің
ерлік жолы» атты тақырыптармен, атап айтсақ 6, 10, 11 сыныптардың газеттері өте мазмұнды болды.
Сонымен қоса астыңғы қабатта «Ұлттық идеямыз – мәңгілік ел!» атты тақырыппен көрме, тарихи-хронологиялық альбом, бүктемелер дайындалып, банер жасалынды.
Кітапханада «Елбасы күні елдікке құрмет» атты тақырыппен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қоса «Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында патриоттық әдеби оқу байқауы өткізілді, «Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы» атты ұранмен бастауыш сынып оқушылары арасында эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды және «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында іс-шара үш тілде өткізілді, 5-11 сыныптарда шығарма тақырыпқа сай өткізілді, «Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ» тақырыбында білімпаздар сайысы өтті, ал «ХХІ ғасыр көшбасшысы» тоқсандық көшбасшыны марапаттадыТарих маманы Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арнап 10-11 сыныптар арасында блицтурнир өткізді «Елімнің болашағы менің болашағым» ұранымен.
Қарашаның 30-ы «Тұңғыш Президент» күніне қатысты «Президент күні – барша Қазақстан халқының бірлігі күні» атты тақырыпта мерекелік мәдени-жаппай жиын өткізілді, оған ауыл әкімі Нығметов Қ.Қ., шаруашылық басшысы Камзебаев Д.Қ., ардагерлер ұйымының төрағасы, ауыл тұрғындары және мектеп мұғалімдері қатысты. Құттықтау сөздер айтылды, баяндама оқылды «Ұлт көшбасшысы – Ел президенті» атты тақырыпта және концерттік бағдарлама ұсынылды. Тәуелсіз Қазақстан мен Тұңғыш Президент – егіз ұғым екеніне көз жеткіздік.