"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Біздің әлеуметтік желілер

 

кадрлар бөлімі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.02.2017

Хаттама №5

 

 "22" ақпан 2017 ж.                                                           Шалқар ОМ

 

Төраға – Камзебаев Ербулат Кабылдинович

Кәсіподақ төрайымы – Тюлеева Жаңагүл Қуанышқызы

Хатшы –Сулейменова Асель Толехановна

Полиция участкелік инспекторы – Оразбаев

Рахымжан Болатайұлы

 

Қатысқандар: 42 адам

 

КҮН ТІРТІБІНДЕ:

1. Қызметкерлерді мектептің ішкі тәртібімен таныстыру.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

Кәсіподақ төрайымы – Тюлеева Жаңагүл Қуанышқызы мектептің ішкі тәртібін оқып. Қызметкерлерге таныстырды. Мектептің қызмет көрсету стандартына сәйкес оқушыларды мектепке қалай қабылдап және мектептен шығару тәртібі туралы айтты. Оқушыларды мектепке қабылдаған уақытта мектеп әкімшілігі ата-анасын мектептің ішкі тәртібімен

таныстыруы міндетті. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және еңбек шартты бұзу туралы айтты. Қызметкерлер өз еңбегінің құқығын еңбек шарты арқылы іске асырады және де жұмысқа орналасқан уақытта ҚР Еңбек кодексінің 32 бабына сәйкес құжаттарды тапсыру міндетті.  Қызметкерлер жұмысқа орналасқан уақытта мектеп әкімшілігі қызметкерді міндетті түрде мектеп жарғысымен, ұжымдық еңбек шартымен, мектептің ішкі еңбек тәртібімен, лауазымдық нұсқаулығымен және өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша бұйрығымен таныстырып, арнайы журналға қол қойылуы тиіс. Қызметкерлердің міндеттеріне тоқтала кетсек: мектеп қызметкерлері адал жұмыс істеп, мектеп Жарғысы мен мектептің ішкі еңбек тәртібінің талаптарын орындап, жұмысқа уақытымен келіп, әкімшіліктің өкімдерін уақытымен орындау міндетті. Арнайы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес   санитарлық және өрт қауіпсіздігін сақтау. Мектеп директоры Ербулат Кабылдинович мектептің әкімшілігінің міндеттері туралы да айтты.   Мектеп әкімшілігі әр мұғалімнің жұмысын қызметі бойынша және квалификациясы бойынша жұмыс ұйымдастырып, жұмыс уақытымен, сабақ кестесімен таныстыру тиіс. Қызметкер еңбек демалысына кетпей тұрып келесі оқу жылындағы қызметкердің оқу жүктемесімен таныстыру тиіс. Сонымен қатар оқушылар  мектепке міндетті түрде мектеп формасымен келу міндетті. Мектепте бас киіммен және хиджаб, орамалмен жүруге тыйым салынады. Оқушылар мектепте мектептің ішкі еңбек тәртібін сақтау міндеттеледі. Оқушыларға қаружарақтар, электрошокерлер, темекі және т.б. заттарды әкелуге, мектептің ішінде және мектеп ауласында темекі шегуге тыйым салынады. Мектептің ішінде смартфон, планшет, смарт сағаттарды және басқа да сондай құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады.  Ата-аналар өздерінің балаларының тәрбиесі  үшін  жауапты болуы тиіс. Оқушы мектепке қандайда бір себеп бойынша келмесе, ата-анасы міндетті түрде уақытымен мектепке хабарлауы керек. Мектепішілік және сынып жиналыстарына қатысуы қажет. Оқушы мектепке қандайда бір зиян келтірген уақытта арнайы заңға сүйене отырып мектептің мүлігін орнына келтіру тиіс. Егер де қызметкер еңбек  тәртібін бұзған уақытта қызмектерге Еңбек кодексінің 64 бабы негізінде ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс беруі міндетті.

  ҚАУЛЫ:

Қызметкерлер мектепдиректоры Е. Камзебаев  жоғары айтылған мектептің ішкі тәртібін тыңдап, бір ауыздан келісті.

Төраға – Камзебаев Ербулат Кабылдинович

Кәсіподақ төрайымы – Тюлеева Жаңагүл Қуанышқызы

Хатшы – Сулейменова Асель Толехановна

 

 

 

Мектеп директоры:                 Е. Камзебаев

 

Просмотров: 554


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст