"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Біздің әлеуметтік желілер

 

кадрлар бөлімі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.02.2017

Целиноград ауданы

Шалқар орта мектебі бойынша

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы

аясында өткізілген іс – шаралар

ЕСЕБІ

/2016 – 2017 оқу

жылы/

 

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл толуына қатысты 21 қарашадан 15 желтоқсан аралығында 25 күндік іс – шаралар жоспар бойынша өткізілді.

    Іс – шаралардың мақсаты: оқушыларға желтоқсан жаңғырығы туралы, желтоқсан көтерілісінің құрбандары туралы мағлұмат беру, тәуелсіздік шежіресін білуге, білімдерін арттыру және тіл байлықтарын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Адамгершілікке, Отанын сүюге, ұлтшылдыққа тәрбиелеу болды. 21 қараша мектепте «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық» атты тақырыппен салтанатты жиын өткізілді, құттықтау сөздер айтылды, 25 жұлдызды күннің жоспарымен таныстырылды. Кітапханада «Елбасы күні елдікке құрмет», «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды.

    Суреттер көрмесі «Астана – тәуелсіз еліміздің бойтұмары!» атты тақырыпта 1-4 сыныптар арасында, қабырға газеттер сайысы 5- 11 сыныптар арасында «Егемен елім ер жетті!» атты тақырыпта жүргізілді. «Ұлттық идеямыз

– мәңгілік ел!», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты тақырыптарда банер, көрме, тарихи-хронологиялық альбомдар, бүктемелер дайындалып, көрмеге қойылды. Сонымен қоса осы тақырыпта слайд, шежіре жасалды, оны бар іс-шарада қолдандық. Флешмоб «Патриотизм толқынында» атты тақырыпта 1-11 сыныптар арасында өткізілді,

тәлімгердің жетекшілігімен Жоспар бойынша іс-шаралар 25 күн бойы уақытында өткізілді, атап айтатын болсақ:

·       «Тәуелсіздік тұғыры биікте» патриоттық әдеби оқу байқауы 5-11 сыныптар арасында;

·  «Қазақстан жастары – Тәуелсіздік толқынында» КТК ойыны 6-11 сыныптар арасында, жеңіске 11 сынып оқушылары жетті;

·      «Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы» атты ұранмен эстафеталық жарыстар 1-4 сыныптар арасында;

·      «Менің елім. Менің Президентім», «20 ғасырдың атом апаты», «Чернобыль – ерлік орны», «Қазақстан

тәуелсіздігіне – 25 жыл» атты тақырыптарда 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді және «Біздің Елбасы», «Мен-тәуелсіз мемлекет азаматымын», «Мәңгілік жансын бағын-Тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыптарда шығарма жазды 5-11 сынып оқушылары;

·    «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» үш тілде сайыс 5-7 сыныптардың қатысуымен;

· ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойын 7-9 сыныптар арасында;

·       «Тәуелсіз елге –білімді ұрпақ» білімпаздар сайысы 7-9 сыныптар арасында;

·       «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған» ертеңгілік бастауыш сынып арасында өткізілді;

·       «Тәуелсіздік мейірімі» қайырымдылық концерті ұйымдастырылды;

·     Баскетбол, волейбол, минифутболдан біріншілік өтті;

·    "Алау" әскери-спорттық сайыс 10-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды;

·      «Үш тілде білім беру» дебат турнирі өткізілді;

·       «Тәуелсіздік ақ таңы!» мерекелік концерт ұйымдастырылды;

·      «Ұланымыз ұлы елдің» «Жас ұлан» қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтіп, 10 оқушы «Жас ұлан»

қатарына қабылданды;

·       «Жасай бер, жаса, қазағым елім!» патриоттық әндер байқауы 3-10 сыныптар арасында өтті;

·       «Ұмытылмас желтоқсан» кітапханалық сабақ 7 сыныппен өтті;

·       «Жастар-біздің болашағымыз» тәуелсіздік құрдастарымен кездесу кеші ұйымдастырылды, оған 1991

жылы туған мектеп түлектері жиналды. Келген тәуелсіздіктің 12 құрдасымен кеш көңілді және қызықты өтті.;

·       «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты тақырыпта мерекелік әдеби – музыкалық көріністерімен және

слайдты бағдарлама түрінде концерт өткіздік. Сонымен қоса мектеп оқушылары аудандық, республикалық шығармашылық байқауларға да қатысты. Содан Республикалық «Көк тудың желбірегені...» атты шығармашылық байқаудан 10 сынып оқушысы Шайзанда Айтаныс жүлделі ІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

   

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст