"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Біздің әлеуметтік желілер

 

кадрлар бөлімі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.02.2017

Жұмыссыз жастармен диалог алаңында кездесу.

Тақырыбы: «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!»

Мақсаты: Жастарға «Ұлы дала елінің» - мәңгілік елдің ертеңгі мұраттарымен, елбасының жолдауымен таныстыру,

насихаттау.

Көрнекілік:

интерактивтік тақта слайд.

Жүргізуші:  Ширек ғасыр ішінде Қазақстан  қанша биік белестерді бағындырып, жаһандық бастамаларға ұйытқы болып, әлемдік аренада тұғырын биіктете түсті. Тарих үшін қас-қағым сәт саналатын кезеңде ел экономикасының қарқынды дамуы арта түсті.  Ал еліміз үшін биылғы жылдың жөні бөлек.  Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойладық. Осы жылдардың аясында атқарылған істердің өзі тәуелсіз мемелекеттің тарихында олжалы жыл болып отырғандығын айғақтайды. Бүгінгі диалогымызды  сіздермен ертеңгі «Нұрлы ел» - Қазақстанымыздағы

өзгерістер, жаңалықтар жайлы диалогымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Диалог сұрақтары:

1.    Елімізде қандай экономикалық саясат жүзеге асырылуда?

    «Нұрлы жол» экономикалық саясаты.

2.   Қандай ұлт жоспары қабылданды?

     «100 нақта қадам»

3.    Елбасымыз биылғы жылы өзінің қандай кезекті жолдауын жариялады?

 

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік».

 

4.  Қазақстан азаматтарына қатысты қандай басымдылық жайлы айтылады?

 

Адами капитал сапасын жақсарту.

 

5.    Білім саласында қандай өзгерістер болайын деп жатыр?

 

Үш тілділікке көшу ( қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі)

 

6.    Осы жайлы сіздердің ой-пікірлерініз?

 

Әрине, ауыл жастары біздер үшін қиындық туғызады, сондықтан үш тілді оқуға кезең-кезеңмен  көшу тиімді.

 

7. Білім саласында неге көңіл аудару керек деп ойлайсыздар?

 

Сауаттылыққа және қала мен ауыл мектептері арасында білім беру сапасының алшақтығын азайту өте қажет.

 

8. Ұлжандылық деген не деп ойлайсыз?

 

Меніңше, өз ұлтымыздың тілін, таным-сенімін, ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрін сүюі,  құрметтеуі.

 

9. «ЭКСПО»  бізге қандай жаңалықтар әкеледі деп ойлайсыздар?

 

Басқа шетелдік елдердің жаңа ғылыми – техникалық жаңалықтарымен, жобаларымен, жетістіктерімен танысамыз.

 

10. Экспоның елімізге тигізер пайдасы бар ма?

 

Пайдасы экономикамызға көптеген инвестициялар құйылады.

 

11. Елбасымыздың жұмыссыз жастар үшін қандай жобасы іске асырыла бастады?

 

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру»  жобасы.

 

12.Елбасымыз жастардан қандай үміт күтеді деп ойлайсыз?

    Жастар, яғни, біздер елдің болашағымыз, сол себепті, елбасы біздерден зор үміт күтеді.

 

   Қорыта айтқанда, Егеменді дамудың 25 жылында барша Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар елімізде жасалды. Бұл құндылықтар-уақыт сынынан өткен. Қазақстанның жол тәжірибесі. Біріншіден бұл – Қазақстанның Тәуелсіздігі, екіншіден бұл -  Қоғамдағы ұлттың, үшіншіден бірлік, бейбітшілік пен келісім, бұл зайырлы қоғам, төртіншіден бұл – инновациялық экономика, бесіншіден бұл- жалпыға Ортақ Еңбек Қоғам, алтыншыдан бұл-тарихтың мәдениеті мен тілдің ортақтығы, жетіншіден бұл-еліміздегі ұлттың қауіпсіздігі. Жалпы айтқанда Қазақстандық  Патриотизмнің идеясы негізгі осы мемлекет құрушы, жалпы ұлттың құндылықтарда  жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст