Текст
Салауатты өмір салтын ұстану, жас ұрпақ бойында патриоттық тәрбие беру мақсатында 23-24 ақпан күндері Қорғалжын аудан орталығында Ауған соғысында қаза тапқан батырлардың құрметіне арналған бокс турнирі жүзге жуық былғары қолғап шеберлерін жинады. Бұл турнирге мектебімізден оқушылар қатысып, өз салмақтарында жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, 42кг салмақта 8-сынып оқушысы Кабылдинов Абылайхан 2-орын, 40 кг салмақта 6-сынып оқушысы Манарбек Серік 3-орын, 36кг салмақта 6-сынып оқушысы Талгатов Амир 2-орын, 28кг салмақта 6-сынып оқушысы Бірлесов Сағи 2-орынға ие болды.