"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Шалкар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Біздің әлеуметтік желілер

 

кадрлар бөлімі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.03.2018

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Бес негізгі басымдық», «Маңызды кешенді үш міндет» сияқты бағыттар айқындалып отыр.  Елбасымыз осы  Жолдауда көрсетілген міндеттер мен басымдықтар арқылы дағдарыс заманында тығырықтан шығатын жолды көрсететін шамшырағымыз.

Елбасымыз Жолдауындағы 7- ші  негізгі бағытында білім беру саласының  дамуына басымдылық берлетіндігі  жайлы айтылды. Ондағы  басты мәселе адами капиталдың  жаңа сапасы туралы. Білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман талабына сай, және экономика сұраныстарына лайық болуы тиіс екендігі айрықша аталды. Яғни, үш тілділікке, жаңа  мазмұндағы білім беруге көшу, цифрлық ресурстарды дамыту Елбасымыздың жолдауындағы ең негізгі мәселе. Қазіргі таңда, еліміздің болашағы – жастарды  тәрбиелеп, білім беру мұғалімдердің құзыретінде. Осыған байланысты  мектебімізде жаңартылған,  бағдарлама бойынша, бірнеше ұстаздарымыз, арнайы курстардан өтті. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздарымыз оқушыларға өз білімдерін жаңартылған бағдарлама бойынша үйретуде. Елбасымыз Жолдауда, оқытудын  мазмұндылығы заманауи, техникалық тұрғыдан, қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс екендігін  атап өтті. Қай кезенде болмасын  білім сапасын жақсарту, тәрбиені –тәлімді жүргізу ұстаздардың басты мақсаты болып қала бермек. Сонымен қатар бүгінгі жағдайда білімді жаһандандыру ұлттың қуатымен, әл - ауқатын анықтайтын фактор болып отыр. Бұл басымдылыққа біздің Мемлекет басшысы әрдайым ерекше көңіл бөледі. Елбасымыздың өрелі Жолдауымен, халқымыздың  қолдауымен, әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған 30 мемлекеттің қатарынан көрінетіндігімізге кәміл  сенеміз! Елбасымыздың осы  Жолдауда қойған 10 міндетті мақсатқа жету жолындағы темір қазығымыз болып табылады.

Просмотров: 444


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст